Сегодня: 14.06.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Биыл Қазақстанның халық суретшілері Молдахмет Кенбаев пен Хакімжан Наурызбаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Қазақтың сурет өнері мен мүсіншіліктің тұңғыштары қатарында болған даңқты жерлестеріміздің мерейтойына байланысты Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлының "Жалғасын тапқан өнер" атты шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатына Ы Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің "Тарих және өнер" факультетінің "Көркем еңбек, графика және жобалау" мамандығының студенттері қатысты. Шеберлік сағатында Сапарбек Әбілбекұлы  саздан адамның бет-бейнесін жасап көрсетіп, жас талапкерлерге мүсіншілік өнерінің қыр-сырын түсіндірді. Студенттерге мүсіншінің өзі жасаған мүсіншелері мен шәкірттері Шәкір Іңкәр мен Шакирова Жаннұрдың суреттерінен жасақталған көрме де көрсетілді.

Айта кету керек, мүсіншінің әкесі Әбілбек Ұзақұлы Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың төл шәкірті болған. Әке үлгісін көрген Сапарбек Әбілбекұлы жалғасын тапқан өнердің жарқын өкілі болып, Молдахмет Кенбаев пен Хакімжан Наурызбаев секілді халық суретшілерінің ізбасар мұрагері болып келеді.