Сегодня: 24.10.2026
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

«Тәуелсіз елдің жастары» тағылымды кездесу кеші өтті ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Арқалық қаласындағы далаөлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің жастары» атты мазмұнды кездесу кеші өтті.

Шараның басты қонағы – облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогының иегері, ҚР ұлттық құрамасыныңмүшесі, 2025 жылғы әлем чемпионы Қабылан Нұрсұлтан Асланұлы болды. Кездесу барысында спортшының өмір жолы, табандылықпен еңбектің нәтижесі, жеңіс пен жеңілістен алынған сабақтар, спорттағы және өмірдегі мотивация туралы тағылымды әңгіме өрбіді. Кешке арнайы қонақ ретінде, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің тарих және өнер факультетінің деканы ф.ғ.к. Конкина Гүлбаршын Спанқызы,Арқалық қаласы әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Мәликов Айтжан Өміржанұлы, жеке жаттықтырушысы Рыздықов Сайлау, Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Қожахметов қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Бұл кездесу – тәуелсіздіктің қадірін ұғындырып, елнамысын қорғап жүрген жастардың жетістігі арқылы жас ұрпаққа рух, сенім және жігер сыйлаған тағылымды басқосу болды. Тәуелсіз елдің әрбір жасы – ел тірегі! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!