

Мұражайымызға қазақ руханияты мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне елеулі еңбек сіңірген ардақты аналар ат басын бұрып келді.
Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Камал Әбілқасымқызы Әлпейсова бастаған құрметті қонақтар Торғай топырағының тарихына терең бойлап, шығып бара жатып ризашылықтарын білдірді.
Құрметті қонақтар:
🔹 Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы;
🔹 Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы – Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, «Адвокаттың Алтын белгісі» иегері (2024), ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты;
🔹 Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Құрмет» орденінің иегері;
🔹 Қажығалиева Жанат Башаринқызы – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдіскері, қазақ тілін үйретудің жаңашыл ұстазы;
🔹 Досжан Қымбат Әбсадыққызы – «Qonaev Media» телеарнасының бас продюсері, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі;
🔹 Ахатай Баян Орынбасарқызы – ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары;
🔹 Ақтаева Ботагөз Сейітханқызы – ҚХА Аналар кеңесінің Ақмола облысы бойынша өкілі;
🔹 Ерсейітова Хадиша Әбдіразаққызы – «Ана мектебі» ҚҚ менеджері, сапарды ұйымдастырушы.
Ардақты аналардың Торғай өңіріне арнаған ыстық ықыласына шексіз ризамыз! 🙏
#Арқалық #ТорғайТарихы #АналарКеңесі #ҚазақРуханияты #КамалӘлпейсова

🎞️Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің 60 жылдығына, Қостанай облысының 90 жылдығына және Халықаралық архивтер күніне орай «Өңір шежіресі: құжаттар мен тағдырлар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
🇰🇿Аталған конференцияға музей әдіскері Қасымхан Айзат Ерболатқызы қатысып, «Өңірлік архив – өлкетанудың дереккөзі» тақырыбында баяндама жасап, архив материалдарының өлкетану саласындағы құндылығына тоқталды.
✨Конференция архив ісін дамытуға, тарихи мұраны насихаттауға және ғылыми тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң болды.



✨Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің бас қор сақтаушысы Каженова Аружан Алибековна Мәдениет қызметкерлері күні аясында 2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында өткен “Мәдениет және инновация” республикалық форумына қатысып, мәдениет саласындағы заманауи үрдістер, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және креативті индустриялар бағытындағы кәсіби білім беру бағдарламасы аясында 18 академиялық сағат көлемінде білім алды.
2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында өткен «Мәдениет және инновация» республикалық форумы аясында «Тарихи-мәдени мұраны сақтау: инновациялар және цифрлық трансформация» атты IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі ұйымдастырылды. Конгресте «E-MUSEUM» веб-порталы: мемлекеттік каталогты жүргізу және музей заттарын цифрландыру мәселелері» деген секция жұмыс істеді. Аталған секция жұмысына Арқалық қаласы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің бас қор сақтаушысы Каженова Аружан Алибековна қатысты.



✅18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде «Көненің көзін сақтаған...» атты салтанатты іс-шара өтті.
Бұл күн музей қызметкерлерінің еңбегін елеп, рухани мұраны насихаттау жолындағы игі шаралардың бірі болды.
✨Іс-шараның маңызды сәті – қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарының табысталуы. Марапат иегерлері музейдің дамуына, көне жәдігерлерді сақтау және насихаттау ісіне қосқан үлестері үшін ерекше аталды.
🏅 ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР:
▪️ Абдильдина Әсел Кемелбайқызы
▪️ Дүзбай Нұрым Маратұлы
📜 АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР:
▪️ Шаяхметова Күлімай Түбекбайқызы
▪️ Мухатин Боранбай Темірбайұлы
💫Іс-шараның бағдарламасы көрмелерге толы болды. Алдымен «Көненің көзін сақтаған...» атты музей тарихына арналған көрме ашылды. Одан соң «Алтын домбыра туралы аңыз» және «Рух сардары» атты өнертанушы, аңызға айналған тұлға Ө. Жәнібековке арналған көрмелер назарға ұсынылды.
❇️Айрықша ерекшелік – Ақпараттық технологиялар жылына орай арнайы шақырылған қонақтарға жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнелер таныстырылды. Сонымен қатар, әр экспозиция бөлмесінде шынайы образдар қалыптастырылып, қонақтар үшін танымдық экскурсиялар өткізілді. Ескі мен жаңаның үйлесімі – тарихты заманауи форматта танытудың жарқын үлгісі болды.
Бұл күн музей ұжымы үшін де, өңір тарихына қызығушылық танытқан жұртшылық үшін де ерекше мерекеге айналды.


✅“Рух сардары” атты көрме Астана төрінде.
Мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің «Рух Сардары» атты көрмесі Астана қаласы Білім бөлімінің Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінде болып қайтты. Бұл көрме тек экспонаттар жинағы емес, ұлы тұлғаны құрметтеудің жарқын үлгісі болды.
Көрме «Ұлт жадының жаңғырығы: Адал азамат феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға:
✅ Өз ағамыздың ұрпақтары,
✅ Республиканың әр өңірінен жиналған ұстаздар мен ғалымдар,
✅ «Өзбекәлі және Мәдени майдан» кітабының авторы – Санжар Керімбай қатысты.
Ерекше маңыздысы – Арқалық музейінен арнайы әкелінген Өзбекәлі Жәнібековтың өз қолымен тапсырған жәдігерлері көрмеге қойылып, ел назарына ұсынылды. Бұл жәдігерлер – ұлт руханиятына адал қызмет еткен азаматтың өмір жолының айғағы.
Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ борышы. Көрме жастарға үлгі-өнеге, елге бірлік пен мақтаныш сыйлады.


🔸Бүгін Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында 27 наурыз Халықаралық театр күніне және Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының 25 жылдық мерейтойына орай «Сахна сыртында» атты кездесу кеш болып өтті. Кешіміздің құрметті қонағы ретінде өнердің жанашырлары «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы – Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы мен Қазақстанның мәдениет қайраткері, жыршы-термеші, «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің алғашқы мүшелерінің бірі, театрдың ардагер артісі - Бөлтірік Молдашұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының басшысы – Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы, Облыстық № 2 әмбебап - ғылыми кітапханасының басшысы – Сәуле Ахметқызы, “Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ММ басшысы – Құсайынова Дәмет Есенжолқызы, «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі – Мұрат Жүнісұлы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Сөз бөлімі» студенттері мен Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Шабыт» театр клубының тәрбиеленушілері және қалалық мәдениет сарайы жанынан ашылған «Театр және өнер» студиясының, «Aykaz» академиясының «Сахна тілі» тобының оқушылары және Арқалық қазақ жасөспірімдер театр ұжымы қатысты.
Кеш қонақтары, бүгінгі мереке иелері Нұрлыбек Сапабекұлы, Бөлтірік Молдашұлымен сырлы да сүбелі, мәнді де мағыналы сұқбат болып, әсем әннен шашу шашылды. Көрермен ретінде қатысқан «Aykaz» академиясының «Сахна тілі» тобының оқушылары - Ізтілеу Кәусар, Асылбек Нұрсила, Карбозов Әлисұлтан көрермен көпшілікке өз өнерлерін тарту етті.
Кеш соңында арнайы шақырылған қонақтарымыз бен Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысы Р.А. Терек кешке қатысқан барша қонақтар мен мерейтой иелеріне алғысын айтып, жүрек жарды тілегін жеткізді.✅

Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы