Сегодня: 24.10.2026
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

   

🔸Бүгін Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында 27 наурыз Халықаралық театр күніне және Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының 25 жылдық мерейтойына орай «Сахна сыртында» атты кездесу кеш болып өтті. Кешіміздің құрметті қонағы ретінде өнердің жанашырлары «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы – Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы мен Қазақстанның мәдениет қайраткері, жыршы-термеші, «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің алғашқы мүшелерінің бірі, театрдың ардагер артісі - Бөлтірік Молдашұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының басшысы – Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы, Облыстық № 2 әмбебап - ғылыми кітапханасының басшысы – Сәуле Ахметқызы, “Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ММ басшысы – Құсайынова Дәмет Есенжолқызы, «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі – Мұрат Жүнісұлы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Сөз бөлімі» студенттері мен Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Шабыт» театр клубының тәрбиеленушілері және қалалық мәдениет сарайы жанынан ашылған «Театр және өнер» студиясының, «Aykaz» академиясының «Сахна тілі» тобының оқушылары және Арқалық қазақ жасөспірімдер театр ұжымы қатысты.
Кеш қонақтары, бүгінгі мереке иелері Нұрлыбек Сапабекұлы, Бөлтірік Молдашұлымен сырлы да сүбелі, мәнді де мағыналы сұқбат болып, әсем әннен шашу шашылды. Көрермен ретінде қатысқан «Aykaz» академиясының «Сахна тілі» тобының оқушылары - Ізтілеу Кәусар, Асылбек Нұрсила, Карбозов Әлисұлтан көрермен көпшілікке өз өнерлерін тарту етті.
Кеш соңында арнайы шақырылған қонақтарымыз бен Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысы Р.А. Терек кешке қатысқан барша қонақтар мен мерейтой иелеріне алғысын айтып, жүрек жарды тілегін жеткізді.✅