

✅“Рух сардары” атты көрме Астана төрінде.
Мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің «Рух Сардары» атты көрмесі Астана қаласы Білім бөлімінің Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінде болып қайтты. Бұл көрме тек экспонаттар жинағы емес, ұлы тұлғаны құрметтеудің жарқын үлгісі болды.
Көрме «Ұлт жадының жаңғырығы: Адал азамат феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға:
✅ Өз ағамыздың ұрпақтары,
✅ Республиканың әр өңірінен жиналған ұстаздар мен ғалымдар,
✅ «Өзбекәлі және Мәдени майдан» кітабының авторы – Санжар Керімбай қатысты.
Ерекше маңыздысы – Арқалық музейінен арнайы әкелінген Өзбекәлі Жәнібековтың өз қолымен тапсырған жәдігерлері көрмеге қойылып, ел назарына ұсынылды. Бұл жәдігерлер – ұлт руханиятына адал қызмет еткен азаматтың өмір жолының айғағы.
Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ борышы. Көрме жастарға үлгі-өнеге, елге бірлік пен мақтаныш сыйлады.





