Сегодня: 24.10.2026
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Астана қаласында өткен “Адамзаттың бәрін сүй!” атты республикалық айтыста бас жүлдені жеңіп алып, “Алтын домбыра” иегері атанған айтыстың ақтаңгері Қалиев Айбек Киікбайұлын шын жүректен құттықтаймыз!  Нұрхан мен Омар, Қонысбай мен Әсия секілді халық ақындарының лайықты ізбасары бола білген ақтаңгер ақынның бұл жеңісі Тобыл-Торғай жұртшылығы үшін сүйіншілі хабар, қуанышты жаңалық. Ұлтымыздың саф өнерінің дамуына зор үлес қосып, мәдениетіміздің мәртебесін көтеріп жүрген Айбек Киікбайұлына алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен асқар асулар тілейміз!