

🎉 Арқалық қаласының 70 жылдығы құтты болсын!
Қаламыздың мерейлі 70 жылдық мерейтойы аясында қала әкімі бірқатар азаматтарды елге сіңірген еңбегі мен абыройлы қызметі үшін марапаттады. 🏅
Марапатталғандардың қатарында «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейі» КММ басшысы Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы, реставратор Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы және Хасенова Рая Мүслімқызы бар.
Бұл марапат – туған жердің тарихы мен мәдениетін сақтау, музей саласын дамыту жолындағы еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға.
Құрметті әріптестерімізді мерекелік төсбелгілерімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Еңбектеріңіз еленіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз! ✨
Арқалықтың 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! 💙





