- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
«ТОБЫЛ-ТОРҒАЙ КҮЙЛЕРІ» (2025 жыл)
Халқымыздың рухани өмірінің өзегі, жан азығы болған дәстүрлі ән мен күйіміз қазақ өнерінің асыл мұрасы. Сіздерге ұсынып отырған бұл музыка антологиясында Тобыл-Торғай өңірінде ерте заманда өткен күйші-домбырашылардың мұрасы жинақталып берілген. Кітап музыка мамандарына, арнайы оқу орындары мен көпшілік қауымға арналған.
Кітапты дайындау барысында жалпы саны 150-ден астам күй анықталды, олардың ішінен авторлық талғам мен ғылыми сараптама негізінде таңдалып алынған туындылар осы жинаққа енгізілді. Жинаққа барлығы 80 күй, оның ішінде 11 – халық күйі, 37 автордың 69 төл туындысы енгізілді. Бұл музыка антологиясы бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде авторлардың зерттеулер мақалары, негізгі бөлімде күй ноталары берілсе, қосымша бөлімде күйлері сақталмағанмен, есімдері ел есінде жүрген 30-дан артық күйші домбырашының өмір деректері жазылды. Сонымен қатар облыс, республика көлеміндегі мұражайлар мен этнограф С.Г.Рыбаковтың коллекциясындағы Торғай өңірінде қолданыста болған домбыра үлгілерінің, ұлттық домбыра күніне арналып өткізілген іс-шаралардың, күйші-домбырашылардың суреттері де кітаптан орын алған.
Кітаптың авторлары:
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы– Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Казмұхамбет Ермек Бақытұлы – Күйшілер одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі
Ақылдастар алқасы:
Асанов Әмірхан Біркенұлы – Арқалық қаласының әкімі
Жанғали Жүзбай – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры
Әбенов Бораш Қазбекұлы – күйші, ҚР мәдениет қайраткері
Қоденов Мұхтар Қоденұлы – өлкетанушы
Қалиев Айбек Киікбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты
Терек Рауан Абдуллажанұлы – мұражай басшысы
Алғы сөзін жазған Арқалық қаласы әкімі Ә.Асанов және музыка зерттеушісі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай.
Көлемі 19 баспа табақ (304 бет). Таралымы – 200 дан


Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы