Бүгін: 24.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Оян, қазақ!» ізімен... Биыл алаш арысы Міржақып Дулатұлының дүниеге келгеніне 140 жыл толып отыр. Міржақыптың 1909 жылы Уфа қаласында шыққан «Оян, қазақ» кітабы ұлттық деңгейге көтерілген ең алғашқы кітаптардың бірі еді. Одан бөлек қазақтың ең алғашқы романы – «Бақытсыз Жамал», қазақтың ең алғашқы ұлттық баспасөзі – «Қазақ» газетінде де алаш арысының өшпес қолтаңбасы жатыр. Алашорда құрамында болып ұлттық мемлекетімізді құруға қосқан үлесі де зор. Қолына қалам алған қайраткердің қазақ үшін қаруда ұстап, азат қазақ даласы үшін әскер құрып, күрес жүргізгені де бар. Орынбордан жарық көрген «Есеп құралы» оқулығы оның оқу-ағарту саласына да мән беріп, маңызды жұмыстар жасағанын көрсеткендей. Иә, салалап айта берсе Міржақып Дулатұлының қазақ баласы үшін атқарған қызметі, сіңірген еңбегі аз емес. Міржақып туған Торғай топырағындағы тарихымыздың бар мұрасын сақтап, оны жас ұрпаққа насихаттап отырған Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері алаш арысының 140 жылдығы қарсаңында «Оян, қазақ! ізімен…» атты экспедиция ұйымдастырып, жолға шықты. Мақсат – Жақаң туған Торғай даласының тарихи орындарымен танысу, абзал азаматтың ізі қалған мекенді көріп, өткен тарихымен танысу, бүгінгі келбетін көру. Ендеше Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен...» атты экспедицияның күнделігімен таныс болып отырыңыздар!