Бүгін: 24.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұжымы ұлт тарихын ұрпақ жадында жаңғырту, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Торғай өңіріндегі бірқатар тарихи-мәдени мұражайларға арнайы іссапар жасады.Сапардың алғашқы бағыты – Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музей болды. Қазақ даласына алғаш білім шырағын жаққан ұлы ағартушының өмірі мен еңбегін дәріптейтін бұл киелі орыннан ұжым үлкен тағылым алды.Келесі аялдаған нысан – Әліби Жангелдин атындағы музей. Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерінің өмір жолы мен ерліктері жайлы сыр шертетін құнды жәдігерлер қызметкерлерге терең әсер қалдырды.Үшінші болып ұжым ақын, халық өнерпазы Нұрхан Ахметбековтың отбасына тиесілі музейінде болды. Жергілікті ақынның шығармашылық мұрасы мен жеке заттары қазақтың бай ауыз әдебиеті мен өнерін паш етті.Сапардың келесі бағыты – Шақшақ Жәнібек музейі. Бұл музей белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен ашылған. Қазақтың даңқты батыры, ел қорғаған тұлға Шақшақ Жәнібектің ерлік жолы мен мұрасы жайлы тың деректерге қанығу – зор мақтаныш болды.Сапардың соңғы нүктесі – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының музей-үйі. Қазақтың қос бірдей ардақты перзентінің өмірі мен ағартушылық, әдеби және саяси қызметін бейнелейтін бұл музей – нағыз рухани қазына.Осындай тағылымды сапар барысында мұражай ұжымы киелі Торғай топырағында туып-өскен тарихи тұлғалардың рухани мұрасымен етене танысып, келешек ұрпаққа жеткізер құнды деректерге қанықты.