Бүгін: 24.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Арқалықта Ұлттық домбыра күні аталып өтті! Орталық «Наурыз» алаңында өткен «Күмбірле, күй домбыра!» атты мерекелік іс-шарада мыңға жуық домбырашы бір мезетте 6 күй орындап қазақтың ұлттық құндылығы ұлықтады. Қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы жиналған жұртты Ұлттық домбыра күнімен және Астана күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Іс-шара аясында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы Орталық алаңға Музей киіз үйін құрып «Ғасырлар пернесі» атты ауқымды көрме ұйымдастырып, 2 мыңға жуық көрермен назарына жергілікті күйшілердің тарихи домбыраларын тарихымен ұсынып көпшіліктің разылығына ие болды.Мұражай жәдігерлерінен құралған көрмені Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы, Мәдениет министірі қызметін атқарған Дүйсен Қорабаев және көптеген зиялы қонақтар тамашалап көптеген тарихи деректерге көз жүгіртті.  Домбыра – халқымыздың үні. Ұлттық рухты жаңғыртқан бұл күн баршамызға құтты болсын!