Бүгін: 24.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«ОЯН, ҚАЗАҚ ІЗІМЕН....»

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен ақын Әбілқасым Арғынидың «Жатпа, қазақ» кітабына арналған «Оян, қазақ» ізімен...» атты дөңгелек үстел өтті. М.Дулатұлының 140 жылдық мерейтойының аясында өткізілген дөңгелек үстелде Әбілқасым ақынның заманындағы, қоғамындағы, айналасындағы ел үшін қызмет атқарған тұлғалар жайында, олардың шығармашылығы жайында, оның ішінде ақын үлесін қосқан ояну дәуірінің әдебиеті туралы сөз қозғалды.
Әбілқасым шыққан ақындық мектепті ғылыми түрде зерделеп, айналымға енгізген ғалым ф.ғ.к. Қалиев Айбек Киікбайұлы «Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» идеясы», педагогика ғылымдарының магистрі, АрқПУ құрметті профессоры Абдуллина Ардақ Әмірханқызы «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ұлы достығы, рухани үндестігі», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Жауынбай Жылқыбайұлы «Алаш әдебиетіндегі азаттық ұғымының поэтикалық репрезентациясы», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы «Әбілқасым Арғынидың өскен ортасы мен шығармашылығы хақында» тақырыптарында баяндамалар жасады. Жиын соңында ақынның ұрпақұтары сөз алып, Хасан Әбілқасымұлы әкесі жайлы естелігімен бөлісті.
Айта кету керек Әбілқасым Омарұлы Арғыни 1917 жылы Ташкент қаласына «Жатпа, қазақ» атты кітап шығарып, ояну дәуіріне өз үлесін қосқан ағартушы ақындардың бірі болған тұлға.