Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы ауған соғысының ардагерлерімен “Эхо Афганской войны” атты тақырыпта кездесу кешін өткізді. Кездесу кеші ауған соғысының ардагерлері Кенжебеков Тоба Мұхамбетжанұлы мен Троян Николай Григорьевичпен өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы №2 мектептің оқушылары қатысып, ардагерлерге сұрақтарын қойып, кеш тағылымды сұхбатқа ұласты.

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында Торғайдың мұражайлар кешенінің басшысы Сәрсекей Гүлбану Күлетқызы семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг “Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі: заманауи тәсілдер мен іс-тәжірибелер” атты тақырыпта өтті. Семинар-тренингке Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері қатысты. Шара соңында қатысушыларға семинарға қатысқанын растайтын сертификат табысталды. Мұражай басшысының міндетін атқарушы Рауан Абуллажанұлы да ұжым атынан өз алғысын білдіріп, Гүлбану Күлетқызына алғыс хат табыстады.

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының жаңа экспозициясының таныстырылымы өтті. Таныстырылым жұмысына қала әкімшілігі, мәслихат төрайымы, мәдениет бөлімдері басшылары мен қызметкерлері, мұражай басшылары, өлкетанушылар, АркПИ ректоры мен декандары, мұражайымыздың ғылыми кеңес мүшелері қалалық ақсақалдар мен аналар кеңесі т.б қаламыздың құрметті азаматтары қатысты.

2024 жылы ақпан айының 1 жұлдызында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы мен орынбасары Сексенбаев Жанат Төлегенұлы Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында болып, музейде 2023 жылы өткен реэкспозиция жұмыстарымен танысты. Атап өтелік өткен 2023 жылы «Жанерке и К» ЖШС мұражай фойесі мен үшінші және екінші қабаттарына жалпы құны 147 616,0 теңге болатын реэкспозиция жұмыстарын жасаған еді. Құралбек Бүркітбайұлы жаңадан жүргізілген реэкспозиция жұмыстарына көңілі толатынын жеткізіп, мұражай ұжымына өз алғысын айтты.

1-қыркүйек “Білім күніне” орай Арқалық қаласындағы медициналық колледждің 1-курс студенттеріне “Музей және көркем өнер туындылары” мен “Бір жәдігер сыры” аясында экскурсия жүргізілді.

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында “Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ұйымдастыруымен тарихшы Нарымбаева Амангелді Қасымқызының “Аркаим” кітабының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы жәнеде Алмагүл Сейітжанқызы, Бораш Қазбекұлы, облыстық кітапхана, Торғай гуманитарлық колледжі оқытушысы мен студенттері, музей қызметкерлері қатысты. Тұсаукесерде тарихшының өмірі мен еңбек жолы айтылып тағылымдық отырысқа ұласты. Және келушілердің барлығына кітап сыйға тапсырылды.