Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі Бүркітбай Бекетовтың шығармашылығына арналған. Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның шәкірттерінің демеушілігімен жарық көрді.

Кітап алты бөлімнен тұрады. Алғашқы «Өлең-дұға» бөлімінде Бүркіт ағамыздың әр жылдары жазған өлең-жырлары жинақталып берілген. Екінші бөлімінде ағамыздың респулбикалық, облыстық айтыстары енгізілсе, үшінші «Арман-айым» атты бөлімінде әуезді әндер жинақталған. «Айтысты қалғып кеткен қайта оятып» атты бөлімде ағамызға арналған арнау өлеңдер, «Айтыстың айқасқасы» бөлімінде Бүркіт ақынның шығармашылығына арналған мақалалар енді. Соңғы бөлімде замандастарының, адал достарының, ақын шәкірттерінің жазған естеліктері берілді.

Кітаптың алғы сөзі ретінде ақынның өзі жазған «Өнері жайлы өмірбаян» атты жазбасы алынды.

Кітаптың құрастырушылары:

Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері;

Бекетов Мәди Бүркітұлы  – ақынның ұлы.

Көлемі 14 баспа табақ (216 бет). Таралымы – 100 дана. Кітап 2025 жылы толықтырылып қайта басылып шықты.