- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
Мұражай қызметкерлері күніне орай марапат! 18 мамыр — Халықаралық мұражайлар күні мен 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: Мадақтама қағазымен: Калиева Азия Набиевна Нуркеева Айман Шокпытовна Жунусов Аскарбек Бекетович Бекхожина Салтанат Сакеновна Құрмет грамотасымен: Айткулова Айнагуль Бопаевна Шаяхметова Кулмай Тубекбаевна Байзакова Камара Ермаковна Шактаева Гайни Адаевна Мухатина Гулайла Тайжановна «Еңбек даңқы» төсбелгісімен: Бекентаев Болат Искендирович Ильгасова Айслу Сарсинбаевна Узаков Сапарбек Абилбекович Мухатин Боранбай Темирбаевич Құрмет грамотасымен: Сардарова Асем Исаевна Сансызбаев Елжан Жүнісұлы “Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі” төсбелгісімен: Абильтаев Муратбек Альжанович марапатталды. Марапат иелері – адал еңбегімен ерекшеленіп, ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласқан жандар. Іс-шара Арқалық қаласындағы Қазақ жасөспірімдер театрында салтанатты түрде өтті. Барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының суретші-реставраторы Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлын ҚР Мәдениет саласының үздігі атануымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сапарбек Әбілбекұлы көне заманнан жеткен жәдігерлердің қайта жаңғыруына, халқымыздың асыл мұраларының сақталуына зор үлесін қосып келеді. Тәжірибелі маман теріден, ағаштан, металдан, қыштан жасалған бұйымдарды қалпына келтіруде әр затттың жасалу материалына байланысты өзіндік әдіс-тәсілдерін қолданады.
Музей қорындағы Ә.Қастеев, С.Бакашев, Н.Нестерова секілді атақты суретшілердің қолына шыққан картиналардың бастапқы қалпын сақтауына да қосқан еңбегі бар. Өтей батырдың портретін салу барысында үлкен еңбек етті. Бұл портрет өз өңіріміздегі музейлермен қатар Атырау облыстық тарихи музейіне, Қазақстан ұлттық музейіне, Қазақстан әскери-тарихи музейіне, Қазақстан орталық мемлекеттік музейіне табысталған.
Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Аманкелді Иманов, Жұмабай Шалабайұлы, Нұржан Наушабаев, Қайнекей Жармағанбетов, Өзбекәлі Жәнібеков сынды біртуар тұлғалардың мүсіндерін сомдаған.
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының доценті.
Мұражай ұжымы Сапарбек Әбілбекұлына алдағы уақытта да толағай табыстар мен жемісті еңбек тілейді.
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Рухани қазына-2023” байқауында әріптесіміз Терек Рауан Абдуллажанұлы топ жарды. Рауан Абдуллажанұлы “Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері” номинациясын жеңіп алды.
Мұражайымыздың суретші-реставраторы, белгілі мүсінші, “Қазақстан суретшілер одағының мүшесі” Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы республикалық байқауда топ жарып мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін “Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
25-қазан “Республика күніне” орай адал еңбегі үшін әріптесіміз Терек Рауан Абдуллажанұлы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Рауан Абдуллажанұлын марапатымен құттықтай отыра, алдағы жұмысына толайым табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Бұл кітапта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары болған Амангелді батырдың әулеті мен өзіне қатысты деректер, ел аузындағы өлең-жырлар мен естеліктер, құжаттар, батырға арналған музыкалық туындылар жинақталып берілген. Кітап өлкетанушылар мен жалпы оқырман қауымға арналған.
30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Арқалық қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен “Жүзден жүйрік” интеллектуалды сайысында мұражайымыздың ғылыми қызметкері Ернұр Әуезхан жүлделі 1-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Терек Рауан Абдуллажанұлы