- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
«Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» тарих саласын зерттеу бойынша еліміздегі жетекші ғылыми мекеме. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты бұл институт 1945 жылы құрылып, күні бүгінге дейін Қазақстан тарихын зерттеуде іргелі де күрделі жұмыстар жүргізіп келе жатыр. Осы институттың дүниежүзілік тарих бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторант Лебаев Фархат Рашидұлы бастаған қызметкерлері жуық арада Торғай өңіріне ат басын тіреп, 1932-33 жылдардағы ашаршылыққа қатысты ел жадында сақталған деректерді жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Институт қызметкерлері Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайына да болып, мұражай қорындағы деректермен танысып, зобалаң жылдар туралы бірнеше естеліктерді жазып алды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұражаймен бірлескен қызметке ортақ мүдделілікті білдіре отырып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі жақты келісім негізінде ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми ақпаратпен алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында бірлескен ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар, ғылыми симпозиумдар мен халықаралық деңгейдегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды іске асыруға гранттар алуға арналған өтінімдерді бірлесіп дайындау және ұсыну, ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарды дайындау және басып шығару. Рейтингтік басылымдарда бірлесіп жариялау және зерттеу нәтижелерін патенттеу, сондай-ақ Тараптардың ғылыми басылымдарында жарияланымдармен алмасу, іргелі, қолданбалы және іздестіру зерттеулері саласындағы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп орындау, зерттеу нәтижелері туралы бірлескен жарияланымдар шығару т.б. бағыттарды айқындалды. Айта кету керек мұражай қызметкері Батырлан Сағынтаев 2023 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығарған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның материалдары» көп томдығының 40-ші томын құрастырушылардың бірі болған еді. Енді екі ұйымның арасындағы келісім шарт негізінде бірлескен жобалар атқарылып, өңір тарихына қатысты жаңа зерттеулер жасалады.
Терек Рауан Абдуллажанұлы