Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Арқалық  қаласындағы   Дала өлкесі  тарихы  облыстық мұражайында  «Батпаққара көтерілісі»  атты  жаңа жинақ жарық көрді. Қостанай  облысы  әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен шығарылған бұл жинақ Қостанайдың  «Қарлығаш» баспаханасында  басылып  шықты.  Көлемі 286 бет.

Таралымы  – 100 дана. Жоба авторы: Сағынтаев Батырлан   Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы облыстық комиссияның мүшесі. Кітаптың ақылдастар алқасы: Қоденов Мұхтар Қоденұлы – өлкетанушы Байділдин Шөптібай Байділдаұлы – өлкетанушы, Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Айтмағамбетұлы Роман – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы, Қалиев Айбек Киікбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Қасенов Асхат Аманжолұлы – мұражай басшысы. Жинақтың құрастырушылары: Терек Рауан Абдуллажанұлы – Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы облыстық комиссияның мүшесі.

Алғы сөзін жазған – т.ғ.к. Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы.Кітапта 1929 жылы Кеңес үкіметіне қарсы ұйымдастырылған наразылыққа қатысып, жазалауға ұшыраған тұлғалардың тізімі және Батпаққара көтерілісіне қатысты әр кезеңде жазылған зерттеулер мен мақалалар, естеліктер енгізілген. Жинақта Батпаққара көтерілісіне қатысушы тұлғалардың суреттеріде  берілген. Кітап  зерттеуші  ғалымдар мен көпшілік қауымға арналған.