Бұл музыка антологиясында Тобыл-Торғай өңірінде ерте заманда өткен әнші-күйшілердің мұрасы жинақталып, небәрі 90 нота берілген. Қосымша бөлімде осы өңірдің музыкалық мұрасы жайлы жазылған мақалаларымыз бен Қапақ сал, Мұхамеджан Өтелбайұлы секілді он шақты өнерпаздың суреті берілген. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен жарық көрген кітап 200 дана болып басылып шықты. Алғы сөзін белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Алмас Алматов ағамыз жазған кітабымыздың ақылдастар алқасында мына кісілер болды:
Қайыржан Мақанов – өнертанушы
Әбенов Бораш Қазбекұлы – ҚР мәдениет қайраткері
Қоденов Мұхтар Қоденұлы – өлкетанушы
Қалиев Айбек Киікбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты
Қасенов Асхат Аманжолұлы – мұражай басшысы
Құрастырушылар:
Әділ Ахан Кәкиұлы – Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің оқытушысы
Рысбек Данияр Қобыландыұлы – Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның домбырашысы
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері