- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
2025 жылдың 19 ақпан күні ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, фольклорист, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен іс-шара оқушылардың білімдерін кеңейтуге көп үлес қосты.
Аталған зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі «Шоқан шәкірттері» және Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі «Шоқан ізімен» бақ сынасып, Шоқан Уалиханов атындағы мектебінен келген «Шоқан шәкірттері» командасы жеңімпаз атанды. Қатысқан және жеңімпаз атанған барша оқушыларға алғыс хаттар, кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараға атсалысқан барша оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз.
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында «Арқалық медицина колледжінен» студенттеріне «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция өткізілді.
Іс-шара мақсаты – студенттерге Ауған соғысы туралы мәлімет беріп, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Алғашқы әскери технология дайындық пәнінің мұғалімі ұйымдастырушысы, «Жас Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Конысбаев Уалихан Буркитбаевич жетекшілігімен келген 192 ФКБ студенттері мұражайдың жұмысымен танысып, экспонаттарды көруге қызығушылық танытты. Экскурсия жүргізілгеннен кейін студенттер «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция тыңдады. Іс-шара аяқталғаннан кейін, студенттер жетекешісі Уалихан Буркитбаевич өз алғысын білдірді.
Бүркіт Бекетов 1980 жылдары қайтадан жаңғыра бастаған қазақ айтысының жаңаша қалыпта дамуына өзінің үлесін қосқан белгілі ақындардың бірі. Айтыс сахнасында Қонысбай Әбіл, Жадыра Құтжанова, Ерік Асқаров, Қатимолла Бердіғалиев, Серік Құсанбаев, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова секілді дүлдүлдермен сөз жарыстырып, ой таластырған ақын сол кезеңдегі облысаралық айтыстарда Торғай облысының намысын қорғаған өнерпаздардың бірі болды. Бүркіт ақынның есімінің көпшілікее танылуына ықпал еткен жацлардың бірі оның тамаша ән мәтіндерін жазғандығы еді. Белгілі композитор Қалибек Деріпсалдинмен Бүркіт Бекетовтің бірлесіп жасаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өмірге 10-нан артық ән келіп, ол әндерді республикаға танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Досымжан Таңатаров секілді әншілер орындап жүр. Ақынның көзі тірісінде өнердегі еңбегі ескеріліп ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Өткен 2024 жылдың желтоқсан айында Аманкелді ауданында ақынның 70 жылдығына арналған «Баладай бес жастағы аңқылдаған...» атты еске алу кеші өткізілген еді. Қаңтар айының 29 жұлдызында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында ақынның «Жүрекке наз» атты шығармалар жинағының таныстырылымы болды.
«Жүрекке наз» – Бүркіт ақынның мұрасын халқымен қауыштыруға, мирасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі. Кітап Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның шәкірттерінің демеушілігімен жарық көрген еді. Мұражайда өткен тағылымды кешке ақынның достары мен туыс-туғандары, өнерде бірге жүрген замандастары қатысып, Бүркіт Бекетұлы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті. Қаламыздың белгілі әншісі, Родина ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Талғатұлы Бүркіт ақынның сөзіне жазылған Қалибек Деріпсалдиннің «Ақбота» әнін орындап, ақынның айтыстарынан үзінділер де көрсетілді. Көпшілік оқырманда Бүркіт ақынның мұрасымен таныс болсын деген ниетпен Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірнеше дана кітап тапсырылды.
Өмірбаян
Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы – 1968 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шеген ауылында туған.
Арқалық педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша түлегі.
-1990 -1997 жж Шеген ауылындағы Амангелді орта мектебінде мұғалім,
-1998-1999 жж Арқалық медициналық колледжінде суретші,
-2003-2017 жж Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қоюшы-суретші,
-2017 жылы ақпан айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін театр басшысы,
-2026 жылдың 6 мамырынан бастап «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейі» КММ басшысы
Жетістіктері:
-2017 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы
-2020 жылы ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері:
-2023 жылы «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хаты
-2026 жылдың ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты

Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы