Бүгін: 24.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында қазақ вальсінің падишасы, ұлт мақтанышы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға, Шәмші аға» атты музыкалық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты — ұлы композитордың мәңгілік мұрасын дәріптеу, жас ұрпаққа ұлттық музыка мен өнердің құндылығын насихаттау болды.

Кеш барысында сазгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетіліп, сүйікті әндері орындалды.
Көрермендерге «Құстар қайтып барады», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр» сынды халық жүрегінен орын алған әуезді әндер тарту етілді.

Кештің көркемдік деңгейі жоғары өтіп, көрермен қауым ұлы композитордың өміршең әндерінен рухани әсер алды.

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған көрме ашылып, алғашқы қонақтарын қабылдады.

Көрмеде ұлтымыздың бір туар тұлғасының өмір жолы мен қайраткерлігіне қатысты деректер молынан берілген. Көрменің алғашқы қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагоикалық университетінің құрметті профессорлары, философия ғылымдарының кандидаты, Гүлбаршын Спанқызы, педагогика ғылымдарының магистрі Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, Міржақыптың ізімен «Жатпа, қазақ» кітабын шығарған Әбілқасым Арғынидың ұрпақтары мен АрқПУ-дың тарих мамандығының студенттері болды.

Аталмыш көрме жыл аяғына дейін жұмыс істейді.
Келіңіздер, көріңіздер!

«ОЯН, ҚАЗАҚ ІЗІМЕН....»

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен ақын Әбілқасым Арғынидың «Жатпа, қазақ» кітабына арналған «Оян, қазақ» ізімен...» атты дөңгелек үстел өтті. М.Дулатұлының 140 жылдық мерейтойының аясында өткізілген дөңгелек үстелде Әбілқасым ақынның заманындағы, қоғамындағы, айналасындағы ел үшін қызмет атқарған тұлғалар жайында, олардың шығармашылығы жайында, оның ішінде ақын үлесін қосқан ояну дәуірінің әдебиеті туралы сөз қозғалды.
Әбілқасым шыққан ақындық мектепті ғылыми түрде зерделеп, айналымға енгізген ғалым ф.ғ.к. Қалиев Айбек Киікбайұлы «Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» идеясы», педагогика ғылымдарының магистрі, АрқПУ құрметті профессоры Абдуллина Ардақ Әмірханқызы «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ұлы достығы, рухани үндестігі», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Жауынбай Жылқыбайұлы «Алаш әдебиетіндегі азаттық ұғымының поэтикалық репрезентациясы», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы «Әбілқасым Арғынидың өскен ортасы мен шығармашылығы хақында» тақырыптарында баяндамалар жасады. Жиын соңында ақынның ұрпақұтары сөз алып, Хасан Әбілқасымұлы әкесі жайлы естелігімен бөлісті.
Айта кету керек Әбілқасым Омарұлы Арғыни 1917 жылы Ташкент қаласына «Жатпа, қазақ» атты кітап шығарып, ояну дәуіріне өз үлесін қосқан ағартушы ақындардың бірі болған тұлға.

Арқалықта Ұлттық домбыра күні аталып өтті! Орталық «Наурыз» алаңында өткен «Күмбірле, күй домбыра!» атты мерекелік іс-шарада мыңға жуық домбырашы бір мезетте 6 күй орындап қазақтың ұлттық құндылығы ұлықтады. Қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы жиналған жұртты Ұлттық домбыра күнімен және Астана күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Іс-шара аясында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы Орталық алаңға Музей киіз үйін құрып «Ғасырлар пернесі» атты ауқымды көрме ұйымдастырып, 2 мыңға жуық көрермен назарына жергілікті күйшілердің тарихи домбыраларын тарихымен ұсынып көпшіліктің разылығына ие болды.Мұражай жәдігерлерінен құралған көрмені Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы, Мәдениет министірі қызметін атқарған Дүйсен Қорабаев және көптеген зиялы қонақтар тамашалап көптеген тарихи деректерге көз жүгіртті.  Домбыра – халқымыздың үні. Ұлттық рухты жаңғыртқан бұл күн баршамызға құтты болсын! 

Мәдениет қызметкерлерінің форумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ қолдауымен Ұлттық музейде Қазақстан музейлерінің ІІІ конгресі өтті. Әзірбайжан, Кипр, Ресей, Түркия, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Беларусьтан келген музей мамандары қатысқан іс-шараға Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысы Терек Рауан Абдуллажанұлы қатысты.
Биылғы конгрестің тақырыбы музейлік құндылықтарды консервациялау және реставрациялау болғандықтан, мұражайымыздың суретші-реставраторы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы реставрация мен консервацияға қатысты тәжірибе алмасты.

2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады..

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.

Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1–30 маусым аралығында беруге болады.

Сайтқа қалай тіркеледі?

Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.

Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.

Іріктеуге қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:

- жоғары білім туралы диплом

- еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

- мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты.

Сондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:

- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

- Сыртқы саясат және инвестициялар;

- Экономикалық және қаржылық саясат;

- Цифрландыру;

- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Мемлекеттік тілді білу туралы сертификатты қалай алуға болады?

Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.

QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.

Кері байланыс

Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7-700-096- 70-74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.