- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
8 наурыз халықаралық әйелдері күні мерекесіне орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында кітапхана ісінің ардагері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанғалиева Роза Жылқыбайқызымен «Өз ісінің үздігі» атты кездесу кеші өтті.
Роза Жылқыбайқызы 40 жылдан астам уақыт кітапхана саласында абыройлы қызмет атқарып, руханият ордасындағы барлық міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарған, өз ісіне деген махаббат пен құштарлық көрсете білген тұлға. Кештің мақсаты қаламызда кітапхана саласына өз үлесін қосқан жанмен жақынырақ танысу, өмірі мен еңбек жолынан сыр шерту, жетістіктерін келешек ұрпаққа үлгі ету.
Кітапхана ісінің үздігімен өткен кешіне Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Алматова Сәуле Ахметқызы, Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Дәмет Есенжолқызы және т.б. құрметті қонақтар қатысып, өз лебіздерін білдіріп, сыйларын табыстады
2025 жылдың 19 ақпан күні ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, фольклорист, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен іс-шара оқушылардың білімдерін кеңейтуге көп үлес қосты.
Аталған зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі «Шоқан шәкірттері» және Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі «Шоқан ізімен» бақ сынасып, Шоқан Уалиханов атындағы мектебінен келген «Шоқан шәкірттері» командасы жеңімпаз атанды. Қатысқан және жеңімпаз атанған барша оқушыларға алғыс хаттар, кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараға атсалысқан барша оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз.
2025 жылдың 19 ақпан күні ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, фольклорист, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен іс-шара оқушылардың білімдерін кеңейтуге көп үлес қосты.
Аталған зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі «Шоқан шәкірттері» және Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі «Шоқан ізімен» бақ сынасып, Шоқан Уалиханов атындағы мектебінен келген «Шоқан шәкірттері» командасы жеңімпаз атанды. Қатысқан және жеңімпаз атанған барша оқушыларға алғыс хаттар, кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараға атсалысқан барша оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз.
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында «Арқалық медицина колледжінен» студенттеріне «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция өткізілді.
Іс-шара мақсаты – студенттерге Ауған соғысы туралы мәлімет беріп, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Алғашқы әскери технология дайындық пәнінің мұғалімі ұйымдастырушысы, «Жас Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Конысбаев Уалихан Буркитбаевич жетекшілігімен келген 192 ФКБ студенттері мұражайдың жұмысымен танысып, экспонаттарды көруге қызығушылық танытты. Экскурсия жүргізілгеннен кейін студенттер «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция тыңдады. Іс-шара аяқталғаннан кейін, студенттер жетекешісі Уалихан Буркитбаевич өз алғысын білдірді.
Бүркіт Бекетов 1980 жылдары қайтадан жаңғыра бастаған қазақ айтысының жаңаша қалыпта дамуына өзінің үлесін қосқан белгілі ақындардың бірі. Айтыс сахнасында Қонысбай Әбіл, Жадыра Құтжанова, Ерік Асқаров, Қатимолла Бердіғалиев, Серік Құсанбаев, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова секілді дүлдүлдермен сөз жарыстырып, ой таластырған ақын сол кезеңдегі облысаралық айтыстарда Торғай облысының намысын қорғаған өнерпаздардың бірі болды. Бүркіт ақынның есімінің көпшілікее танылуына ықпал еткен жацлардың бірі оның тамаша ән мәтіндерін жазғандығы еді. Белгілі композитор Қалибек Деріпсалдинмен Бүркіт Бекетовтің бірлесіп жасаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өмірге 10-нан артық ән келіп, ол әндерді республикаға танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Досымжан Таңатаров секілді әншілер орындап жүр. Ақынның көзі тірісінде өнердегі еңбегі ескеріліп ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Өткен 2024 жылдың желтоқсан айында Аманкелді ауданында ақынның 70 жылдығына арналған «Баладай бес жастағы аңқылдаған...» атты еске алу кеші өткізілген еді. Қаңтар айының 29 жұлдызында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында ақынның «Жүрекке наз» атты шығармалар жинағының таныстырылымы болды.
«Жүрекке наз» – Бүркіт ақынның мұрасын халқымен қауыштыруға, мирасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі. Кітап Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның шәкірттерінің демеушілігімен жарық көрген еді. Мұражайда өткен тағылымды кешке ақынның достары мен туыс-туғандары, өнерде бірге жүрген замандастары қатысып, Бүркіт Бекетұлы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті. Қаламыздың белгілі әншісі, Родина ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Талғатұлы Бүркіт ақынның сөзіне жазылған Қалибек Деріпсалдиннің «Ақбота» әнін орындап, ақынның айтыстарынан үзінділер де көрсетілді. Көпшілік оқырманда Бүркіт ақынның мұрасымен таныс болсын деген ниетпен Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірнеше дана кітап тапсырылды.
Өмірбаян
Терек Рауан Абдуллажанұлы 1994 жылы 19 ақпанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында дүниеге келді. 2000 жылы Темірбек Жүргенов атындағы орта мектепке қабылданып 2004 жылға дейін білім алдым. 2005 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақшығанақ ауылындағы Қаражан Топаев атындағы орта мектепке қабылданып 2011 жылы тәмәмдады.
2011 жылы Мнмлекеттік гранттың иегері атанып Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық Институтына «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге қазақ тілі мен әдебиеті » мамандығына оқуға түсті.
Осы жылы Мемлекеттік грантты өз білімімен иеленіп және ауылдың мәдени іс-шараларына үлес қосқаны үшін арнайы Ақшығанақ аулының әкімі Торыбаев Бақытжанның Алғыс хатпен марапатталды.
2011-2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады
2023-2024жыл Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика және психология мамандығының магистр білім алушысы
2015жылдың 4 ші Қарашасынан бастап Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында Ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.
2024-жылдың 2 ші Ақпан айынан бастап Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы КММ басшысы міндетін атқарушы.
Терек Рауан Абдуллажанұлы