Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінің қарсаңында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе отырып «Бірлік пен бейбітшілік – ел тұғыры» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға қала мектептері оқушылары түрлі ұлт өкілдері болып киініп,  қазақ, орыс, корей, неміс, татар, әзірбайжан, өзбек, украйн халықтарының мәдениет үлгілерін ұсынды. Мерекедегі алғашқы құттықтау сөз Арқалық қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Аубакиров Түбекбай Ғапсалықұлына беріліп, ол  өз кезегінде аталмыш іс-шараның елдің тұтастығына, халықтың ауызбіршілігіне орасан зор үлес қосатынын атап өтті. Келесі сөз алған Арқалық қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтанбеков Азамат Маратұлы барша қатысушыларды құттықтап, оларға Арқалық қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар мен және бағалы сыйлыққа арналған сертификаттарды табыстады. Музей алаңында ұйымдастырылған сахнада әр ұлт өкілдері ән мен би орындап, өз өнерімен жиналған қауымның ықыласына бөленді. Жиын соныңда Арқалық қаласының алғашқы тұрғындарының бірі, Жиенбаев Қайырден ақсақал сөз алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Іс-шараның қортындысын музейбасшысы Терек Рауан сөз алып барша қатысқан мектептерге, ұйымдарға, Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне, Аналар кеңесінің мүшелеріне алғысын білдіріп бұл мереке барша қазақ еліне ғана емес барша ұлт өкілдеріне ортақ мереке екенін атап өтіп маңызына тоқталып өтті. Игі шараның мақсаты Қазақ елі бірліктің, достық тың және тыныштықтың мекені екенін насихаттау.