Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1-қазан “Қарттар күніне” орай мәдениет саласында жұмыс жасап, зейнетке шыққан ардагерлерді құттықтау үшін Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрда мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға қалалық мәдениет басқармасы мен ардагерлер кеңесі және мәдениет сарайы ұйытқы болды. Музей саласында қызмет атқарған ардагерлер де, осы кештен табылды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып,ардагерлерге ән мен би шашулар ұсынылды. Сонымен қатар барша зейнеткерлерге естелік сыйлақтар табыс етілді.