Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мұражайымызда бастауын “Отан” партиясынан алған “AMANAT” партиясының 25 жылдығына орай «Алаштың аманатын арқалаған» атты тақырыпта кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне қалалық “АMANAT” партиясының төрағасы Сабыржан Нұрсалиұлы арнайы шақыртылып, сұхбат берді. Іс-шараға қаламыздағы “Арқалық политехникалық колледжі” мен “Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі” студенттері қатысты. Студенттер төрағаға түрлі сұрақтарын қойып партияның алдағы жоспарларымен танысты.