- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
Жинақта Тобыл-Торғай өңіріндегі ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген, дәстүрлі музыка өкілдерінің туындылары қамтылған. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен шығарылды.
Бұл музыка антологиясы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде әндер мен күйлердің ноталары берілсе, қосымша бөлімде осы өңірдің музыка мұрасына қатысты жазылған мақалаларымыз және бірнеше өнерпазымыздың суреттер берілген. Кіріспе мақала мен әндерге түсініктемелер арқылы жарияланған мұраларға, олардың авторларына қатысты мәліметтер берілген. Кітапқа 90 нота енгізілді. Бұлардың барлығы авторлық шығармалар.
Жобаның авторы:
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері
Ақылдастар алқасы:
Қайыржан Мақанов – өнертанушы
Әбенов Бораш Қазбекұлы – ҚР мәдениет қайраткері
Қоденов Мұхтар Қоденұлы – өлкетанушы
Қалиев Айбек Киікбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты
Қасенов Асхат Аманжолұлы – мұражай басшысы
Кітаптың құрастырушылары:
Әділ Ахан Кәкиұлы – Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің оқытушысы;
Рысбек Данияр Қобыландыұлы – Е.Өмірзақов атындағы облыстық филорманияның домбырашысы;
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері.
Алғы сөзін жазған белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Алмас Алматов.
Көлемі 9,5 баспа табақ (190 бет). Таралымы – 200 дана. Кітаптың тұсаукесері астанада ұлттық музейде өткізілді.
Терек Рауан Абдуллажанұлы