Халық ақыны Сәт Есенбайұлының шығармалары жинағы. Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның ұрпақтарының демеушілігімен жарық көрді.
Көпшілік оқырманға арналған кітап «Өлеңдер», «Әндер», Жұмбақтар», «Мақал-мәтелдер», «Айтыстар», «Дастандар», «Әңгімелер», «Мақалалар», «Арнау өлеңдер», «Естеліктер» деп аталатын он бөлімнен тұрады. Алғашқы жеті бөлімде ақынның өз туындылары қамтылса, кейінгі бөлімдерге Сәт Есенбайұлына арналған жазбалар енгізілді. Алғысөз мақала мен түсініктемелер арқылы жарияланған мұраларға қатысты мәліметтер берілген.
Жинақтың толық басылып шығуына Сәтов Қайрат қаржылық жағынан демеу берсе, кітапқа қажетті деректер мен фото суреттерді ұсынған ақынның шөбересі Айгүл Ғиниатуллақызы.
Кітаптың түсініктерін жазып, құрастырушы және жауапты шығарушысы – Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері – Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы.
Жинақтың ғылыми редакторы және алғы сөзін жазған ф.ғ.к. Қалиев Айбек Киікбайұлы.
Көлемі 33 баспа табақ (530 бет). Таралымы – 200 дана.