Торғай өңіріндегі фольклорлық үлгілері жинақталған ғылыми басылым. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен шығарылды.
«Ескі сөз – ел мұрасы» ең алдымен ғылыми басылым. Мақсаты осы уақытқа дейін жинақталмай, жинақталса да мінәйі себептермен әлі де жарыққа шықпаған халық ауыз әдебиетінің мұраларын көпшілікке таныту, халық шығармашылығының түрлі үлгілерін саралап, оларға насихат жасау. Осы жолда шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжетi мен жанрлық белгiлерi туралы толық көрiнiс беретiн мәтiндi таңдап, оқырманға ұсынуды біз негізгі прицип етіп алдық.
Аталмыш жинақта фольклор туындылары жанрлық ерекшеліктері бойынша жіктеліп, кітапта мынадай бөлімдерге топтастырылды:
Алғы сөз
Жыр-дастандар (5 дастан)
Магиялық фольклор (Күләпсан - 2 мәтін, бақсы сарындары -6 мәтін, бата - 65 мәтін)
Ғұрыптық фольклор (Сыңсу, көрісу - 4 мәтін, жоқтаулар – 41 мәтін)
Дидактикалық фольклор (Мақал-мәтелдер – 467 мәтін, жұмбақтар – 131 мәтін)
Ғылыми қосымша: (Мәтіндерге түсініктеме, жинақтағы мұралардың жинаушылар туралы мәлімет)
Кіріспе мақала мен ғылыми қосымшалар, түсініктемелер арқылы жарияланған мұраларға қатысты мәліметтер беріледі фольклорлық мұраның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі т.б.).
Жобаның авторы:
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы – Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері
Ақылдастар алқасы:
Қойшығара Салғараұлы – жазушы, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Қоденов Мұхтар Қоденұлы – өлкентанушы
Қалиев Айбек Киікбайұлы – ф.ғ.к., Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ профессоры
Қасенов Асхат Аманжолұлы – мұражай басшысы
Кітаптың түсініктерін жазып, құрастырушы және жауапты шығарушысы – Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері – Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы.
Жинақтың алғы сөзін жазған ф.ғ.к. Қалиев Айбек Киікбайұлы.
Көлемі 26,5 баспа табақ (424 бет). Таралымы – 100 дана.