8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әлеуметтік желіде өз кәсіптерімен айналысып, блог жүргізу ісін қатар алып жүрген қаламыздың тұрғындары Раушан Бауыржанқызы, Динара Ғалымжанқызы, Гүлсая Мейрамханқызы сынды арулармен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында қатысушы қонақтармен сұхбат жүргізіліп, әлеуметтік желі, кәсіппен айналысу,келіндік өмірдің сыры мен мәні жайында сөз қозғалды. Ақпараттық технология заманында көштен қалмай заман ағымымен жылжыған бикештердің табысқа жетудегі мақсат жоспарлары да баяндалды. Кері байланыс жұмыстары жасалып, қызықты ақпараттар легіде ұсынылды. Қатысушыларға мерекелік гүл шоқтары сыйланып, арнайы алғыс хат табысталды.