Арқалық қаласындағы Әнуар Боранбаев атындағы кинотеатрда Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері Әнуар Боранбаевтың 75 жылдығына орай “Актер тағдыры” атты еске алу кеші өткізілді.
Еске алу кеші марқұмға құран бағыштау рәсімімен басталды. Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы сөз алып өнер серкесінің ересен еңбегін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар актердың көзін көрген жеңгесі Қамаш Сейтжанова, дос-жарандары Айтбай Шүкенов, Серікбай Тапаев, Шөптібай Бәйділдәұлы, Жәнібек Ғапбасов сынды қонақтарымыз актер жайлы ыстық естеліктермен бөлісті. Және шараға алысты-жақынды,ағайын-туыстары арнайы келіп қатысты. Арқалық қаласындағы
№2 облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер бөлімі дайындаған көрмеде еске алу кешінің төрінен орын алды.