Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

14 ақпан күні «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының халық ағарту ісінің үздік қызметкері», Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет Грамотасының иегері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлымен “Ұстаз ұлағаты” тақырыбында кездесу кеші болып өтті.

Аталған кездесу кешінде ағамыздың өмірбаяны, өскен ортасы, еңбек жолы, отбасы жайлы көп мағлұматтар айтылды. Ағамызды мерейтойымен құттықтап Қайырден Жиенбаев, Совет Керейбаев, Шөптібай Бәйділдин, Сандуғаш Орекенқызы сынды қонақтар сөз алып, ыстық лебіздерін білдірді.