Бүгін: 06.05.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мұражайымызда ҚР мәдениет қайраткері, “Еңбек ардагері” медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, “Арқалық қаласының құрметті азаматы” Жақсылық Жүнісұлының 80 жасқа толуына орай “Қарымды қаламгер” атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің шымылдығы қаламгердің шәкірті Мұрат Бекетұлының ұстазына деген құттықтау өлең жолдарымен ашылды.

Кеш барысында Жақсылық ағамыздың шығармашылық жолына қатысты сұхбат жүргізіліп, ыстық естеліктер айтылды. Сонымен қатар қаламдас інілері Әбжан Әбілтай мен Мақсұтбек Сүлейменовтың арнайы жіберген құттықтау видеолар көрсетіліп , көпшіліктің ризашылығын тудырды. Өмірдегі әрі өнердегі іні қарындастары да құттықтау сөз алып, ағамызға жылы лебіздерін білдірді. Журналистің өмірі мен қызмет жолынан сыр шертетін көрмеде кештің төрінен орын алды. Ағамызға арналып әнде шырқалды. Ақсақал абызымыз ұйымдастырушы топқа алғысын білідіріп, келешек өрендерге ақ батасын жаудырды.