Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мұражайымызда Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне орай “Тарихқа тағзым” күні аталып өтті.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы сөз алып мерекемен құттықтады. Думанды Наурыз мерекесіне орай ән-жыр шашуларда ұсынылды. Бораш Қазыбекұлы, Нұрсұлтан Болатұлы сынды арнайы шақырылған қонақтарымызда қонақкәдесін тарту етті. Сонымен қатар “Ұлттық құндылықты ұлықтаған” жоба бойынша ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарымыз да ойнатылды.