Халықаралық театр күніне орай Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрының бас суретшісі Еркін Ермекұлымен “Сахнаның сәнін келтірген" атты кездесу кеші өтті. Белгілі суретшінің еңбек жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме де кездесу кешінің төріне қойылды.
Суретші жайлы естеліктер айту үшін алдыңғы буын өкілі ҚР Мәдениет қайраткері Отаркүл Оразбайқызы сөз алып жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар замандас,құрдас,әріптес достары “Аманат” партиясының төрағасы Сабыржан Нұрсалыұлы,театр режиссеры Әлия Елубайқызы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сапарбек Әбілбекұлы сынды қонақтар сөз алып,құрмет көрсетті. Суретшінің өмірі мен қызмет жолына байланысты сұрақтар қойылып сұхбат жүргізілді. Қаламыздағы облыстық кітапхана ұжымы, мәдениет сарайы, театр ұжымдары кеш қонағына тілек айтып,құрметтерін білдірді.