2023 жылдың 26 мамыр күні Қостанай қаласында алаш қайраткері, заңгер, ұлт әскерін құрушылардың бірі Сейдәзім Құлмағамбетұлы Қадырбайға арналған «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция барысында Сейдәзім Қадырбайдың «Ақы заңы» шығармалар жинағының, Елдос Тоқтарбайдың «Алаш заңгері» атты бас форматындағы балалар кітабының тұсаукесері өткізіліп, Ұшқын Сәйдірахманұлы мен Ә.Байболдың «Ұлт рухының алдаспаны» атты деректі фильмінің таныстырылымы болды.
Отандық және шетелдік ғалымдар ат салысқан аталмыш жиынға мұражайымыздың ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы да қатысып, «Алаш арысы Сейдәзім Қадырбайдың қайраткерлік тұлғасы және оның өскен ортасы» тақырыбында баяндама жасады.