Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Түркиялық Алаштанушылар Наджие Ата Йылдыз, Нергиз Бирай, Гүлжанат Құрманғали-Ерджиласунның басшылығымен даярланған «Ұлт мектебінің жүрегі» монографиясының, Ахметтанушы Райхан Сахыбекқызының «Asrın Adamı» кітабы және ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алаш ҒЗИ дайындаған «Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937)», «Қасіретті жылдар (Кәмпеске. халық көтерілістері. ашаршылық. қуғын-сүргіндер)» библиографиялық көрсеткіштерімен «Ұлтты оятқан ұлы сөз» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш дөңгелек үстелге мұражайымыздың ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы қатысты.