31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының алаңында іс-шара өтіп, зұлмат жылдардың құрбандары еске алынып, репрессия ұшыраған жандарға арнап құран бағышталды.
Мұражай қызметкерлері де аталмыш жиынға қатысып, Ахмет Байтұрсынұлы мүсініне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар мұражай қабырғасында «Ғасыр қасіреті» атты танымдық сағат өткізілді. Арқалық медицина колледжінің студенттері қатысқан танымдық сағатта Торғай өңірінен шыққан Алашорда өкілдерімен, олардың қуғын-сүргінге ұшырған туыс-туғандары жайлы деректер айтылды.