Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1-маусым халықаралық “Балаларды қорғау күніне” орай “Жас суретшілер” үйірмесінің бүлдіршіндері салған суреттер топтамасынан “Әрқашан күн сөнбесін” атты көрме қойылды.

Жетекшісі Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы жыл бойы үйірме жұмыстарынан қалмай белсенділік танытқан жас суретшілерді Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысының міндетін атқарушы Мергенова Замзагул Қажымұқанқызының алғыс хатымен марапаттады.