Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023-ші жылдың 20-шы қазан күні “Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының” ұйымдастыруымен “Жас-Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында жазушы Ақан Нұрмановтың 90 жылдығына арналған “Аңызға айналған қаламгер” атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференцияның алғашқы құттықтау сөзін қала әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы сөйледі. Жазушы жайлы естеліктерімен Нұрманов Қаратай Әбдіхамитұлы бөлісіп, Ақан атамыздың басқа да қырын тілге тиек етті. Аға оқытушы, АрқПИ доценті Абдуллина Ардақ Әмірханқызы “Өміршең туындылар қалдырған қаламгер” тақырыбындағы баяндамасын оқып көпшілікті елең еткізді. Ал, мұражайымыздың ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы “Ақан Нұрманов феномені және Құланның ажалы” тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар журналист Әубәкір Қылышбайұлының туысқаны Мұхамедрақым Спандиярұлы да жазушы жайлы ой білдіріп, сөз сөйледі. Конференцияға қала және ауыл мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен Кейкі батыр атындағы мектептің оқушылары қатысты. Іс-шара соңында мұражай басшысы Құлтанова Эльмира Ғабдімәлікқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, конференцияға қатысқанын растайтын сертификатпен қоса естелік сыйлық табыс етті.