Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл кітапта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары болған Амангелді батырдың әулеті мен өзіне қатысты деректер, ел аузындағы өлең-жырлар мен естеліктер, құжаттар, батырға арналған музыкалық туындылар жинақталып берілген. Кітап өлкетанушылар мен жалпы оқырман қауымға арналған.

Жинақтың алғы сөзін жазған Амангелді ауданының әкімі Кәрбозов Талғат Тойшыбекұлы.

Құрастырушылары:

Төленов Сахан Оңжанұлы - А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінің басшысы;

Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы - Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері, ҚЖО мүшесі.

Көлемі 25, 3 баспа табақ. Таралымы 300 дана. Кітап Қостанайдағы "Қарлығаш" баспаханасында басылып шықты.