Мұражайымыздың суретші-реставраторы, белгілі мүсінші, “Қазақстан суретшілер одағының мүшесі” Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы республикалық байқауда топ жарып мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін “Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Байқау “Жаңа Қазақстан” республикалық қоғамдық бірлестігі мен “BILIM ORKENIETI” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтіп, кіл жүйріктер бақ сынады.
Сапарбек Әбілбекұлы халқымыздың ұлы тұлғалары Абай Құанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Амангелді Иманов, Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Нұржан Наушабаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Қайнекей Жармағамбетов мүсіндерін салған.