Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Рухани қазына-2023” байқауында әріптесіміз Терек Рауан Абдуллажанұлы топ жарды. Рауан Абдуллажанұлы “Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері” номинациясын жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қостанай қаласындағы Жастар сарайында, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысында өтті .
“Рухани қазына 2023” республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы алқа отырысына арнайы қатысып марапаттады.
Айта кетейік бұған дейін әріптесіміз республикалық кезеңге жолдама алып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп келген болатын.