- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы

Шілде айының 1-ші жұлдызында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, Арқалық қаласы мен оның төңірегіндегі ауылдардан жиналған 1500 домбырашы бірлесіп 7 күйді орындап шықты. Аталмыш шараға Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы да өз үлесін қосып, мұражай қорындағы музыкалық аспаптардан көрме жасақтап, келген көрермен назарына ұсынды.

28-Маусым Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкері “Арқа дидары” телевидениесінің басшысы, белгілі журналист Айткүл Ескендірқызымен сұхбат жасады.

18 маусым “Әкелер күні” мерекесіне орай Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері қала тұрғындарымен әлеуметтік медиа сауалнама жүргізді.

Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Жастар азаматтық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай “Ерлігі-елге өнеге” атты аймақтық конференция өтті.

1-маусым халықаралық “Балаларды қорғау күніне” орай “Жас суретшілер” үйірмесінің бүлдіршіндері салған суреттер топтамасынан “Әрқашан күн сөнбесін” атты көрме қойылды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы