- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы

14 ақпан күні «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының халық ағарту ісінің үздік қызметкері», Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет Грамотасының иегері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлымен “Ұстаз ұлағаты” тақырыбында кездесу кеші болып өтті.

Арқалық қаласындағы Әнуар Боранбаев атындағы кинотеатрда Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері Әнуар Боранбаевтың 75 жылдығына орай “Актер тағдыры” атты еске алу кеші өткізілді.

Сәуір айының 3-ші жұлдызында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халық батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сардарбегі Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

12-сәуір “Ғарышкерлер күніне” орай қаламыздағы “Золотой ключик” балабақшасының бүлдіршіндеріне мұражайымыздағы ғарышкерлер топтамасы жәдігерлеріне экскурсия жұмыстары жүргізілді. Экскурсия қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Сонымен қатар жалпы шолу экскурсия жұмыстары да атқарылды.

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әлеуметтік желіде өз кәсіптерімен айналысып, блог жүргізу ісін қатар алып жүрген қаламыздың тұрғындары Раушан Бауыржанқызы, Динара Ғалымжанқызы, Гүлсая Мейрамханқызы сынды арулармен кездесу кеші өткізілді.


Астана қаласында өткен “Адамзаттың бәрін сүй!” атты республикалық айтыста бас жүлдені жеңіп алып, “Алтын домбыра” иегері атанған айтыстың ақтаңгері Қалиев Айбек Киікбайұлын шын жүректен құттықтаймыз! Нұрхан мен Омар, Қонысбай мен Әсия секілді халық ақындарының лайықты ізбасары бола білген ақтаңгер ақынның бұл жеңісі Тобыл-Торғай жұртшылығы үшін сүйіншілі хабар, қуанышты жаңалық. Ұлтымыздың саф өнерінің дамуына зор үлес қосып, мәдениетіміздің мәртебесін көтеріп жүрген Айбек Киікбайұлына алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен асқар асулар тілейміз!

Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы