- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
Бүркіт Бекетов 1980 жылдары қайтадан жаңғыра бастаған қазақ айтысының жаңаша қалыпта дамуына өзінің үлесін қосқан белгілі ақындардың бірі. Айтыс сахнасында Қонысбай Әбіл, Жадыра Құтжанова, Ерік Асқаров, Қатимолла Бердіғалиев, Серік Құсанбаев, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова секілді дүлдүлдермен сөз жарыстырып, ой таластырған ақын сол кезеңдегі облысаралық айтыстарда Торғай облысының намысын қорғаған өнерпаздардың бірі болды. Бүркіт ақынның есімінің көпшілікее танылуына ықпал еткен жацлардың бірі оның тамаша ән мәтіндерін жазғандығы еді. Белгілі композитор Қалибек Деріпсалдинмен Бүркіт Бекетовтің бірлесіп жасаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өмірге 10-нан артық ән келіп, ол әндерді республикаға танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Досымжан Таңатаров секілді әншілер орындап жүр. Ақынның көзі тірісінде өнердегі еңбегі ескеріліп ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Өткен 2024 жылдың желтоқсан айында Аманкелді ауданында ақынның 70 жылдығына арналған «Баладай бес жастағы аңқылдаған...» атты еске алу кеші өткізілген еді. Қаңтар айының 29 жұлдызында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында ақынның «Жүрекке наз» атты шығармалар жинағының таныстырылымы болды.
«Жүрекке наз» – Бүркіт ақынның мұрасын халқымен қауыштыруға, мирасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі. Кітап Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның шәкірттерінің демеушілігімен жарық көрген еді. Мұражайда өткен тағылымды кешке ақынның достары мен туыс-туғандары, өнерде бірге жүрген замандастары қатысып, Бүркіт Бекетұлы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті. Қаламыздың белгілі әншісі, Родина ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Талғатұлы Бүркіт ақынның сөзіне жазылған Қалибек Деріпсалдиннің «Ақбота» әнін орындап, ақынның айтыстарынан үзінділер де көрсетілді. Көпшілік оқырманда Бүркіт ақынның мұрасымен таныс болсын деген ниетпен Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірнеше дана кітап тапсырылды.
Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен “Жас-Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында “Ел қорғаған - ер баба”атты тақырыпта Өтей батырдың портретін тапсыру рәсімінің салтанатты жиыны өтті.
Жиынға ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтық жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейітжанов Социалұлы, қаламыздағы Ардагерлер мен аналар кеңесі, өлкетанушы Мұхтар Қоденұлы мен Шөптібай Байділдәұлы, айтыстың ақтаңгері Айбек Киікбайұлы, қала мектептерінің тарихшылары, білім ошақтарының студенттері, Архив пен кітапхана ұжымдары және Өтей батырдың ұрпақтары қатысты.
Құрметті отандастар!
Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында белгілі музыка маманы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әбенов Бораш Қазбекұлының 75 жасқа толуына орай «Төл өнердің мұрагері» атты кездесу кеші өткізілді.
Кешке Бораш Қазбекұлының әріптестері мен шәкірттері, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, өнер мен мәдениет төңірегінде жүрген қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу кешінің барысында кейіпкердің балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейін жүріп өткен өмір жолы мен өнер белестері жайлы сыр шертіліп, келген қонақтарға ән мен күйден де тарту тартылды.

16-шы наурыз мұражайымызда “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне” орай ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған “Наурыз-думан тамаша” атты іс-шара өткізілді.
Іс-шарада “Салдама кітабы” дәріптеліп, “Самалық жыры” оқылды. Ақындарымыз “Наурыз жұмбақ” айтысын көрсетті. Жігітіміз аруға “Селт еткізер” сыйлық жасап, қарымтасына аруымыздан “Ұйқыашар” алды.
Күй тартылып, қариямызға “Бел көтерер” берілді. “Қырықтың бірі қызыр” - деп ақсақал қонағымыз наурыз бата жасады. Осындай салт-дәстүрімізге толы тағылымды іс-шара келушілеріміздің көңілінен шықты.


8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы мен Арқалық жастар ресурстық орталығының бірігуімен мерекелік кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары қаламызда спорт саласына өз үлестерін қосып келе жатқан спортшы аруларымыз, атап айтсақ, үстел теннисінен спорт шеберіне үміткер, Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Рахимова Жулдыз Шугаевна, “Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің” дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мұғалімі - Жакупова Гүлім Маликовна, бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионаттың І орын иегері - Серікова Жанна Серікқызы. Кеш барысынды спорт майталмандары өз өмірлерінен сыр шертіп, спорттағы естеліктері мен алға қойған жоспарларымен бөлісті. Спорт пен отбасылық өмірді қатар алып жүрген аналарымыз көрермен жас қыздарымызға өз ақыл-кеңестерін айтты.

Қасжанов Нұрлыбек Сапабекұлы