- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында «Арқалық медицина колледжінен» студенттеріне «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция өткізілді.
Іс-шара мақсаты – студенттерге Ауған соғысы туралы мәлімет беріп, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Алғашқы әскери технология дайындық пәнінің мұғалімі ұйымдастырушысы, «Жас Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Конысбаев Уалихан Буркитбаевич жетекшілігімен келген 192 ФКБ студенттері мұражайдың жұмысымен танысып, экспонаттарды көруге қызығушылық танытты. Экскурсия жүргізілгеннен кейін студенттер «Ауғанстан – жүректегі жара» атты лекция тыңдады. Іс-шара аяқталғаннан кейін, студенттер жетекешісі Уалихан Буркитбаевич өз алғысын білдірді.
Бүркіт Бекетов 1980 жылдары қайтадан жаңғыра бастаған қазақ айтысының жаңаша қалыпта дамуына өзінің үлесін қосқан белгілі ақындардың бірі. Айтыс сахнасында Қонысбай Әбіл, Жадыра Құтжанова, Ерік Асқаров, Қатимолла Бердіғалиев, Серік Құсанбаев, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова секілді дүлдүлдермен сөз жарыстырып, ой таластырған ақын сол кезеңдегі облысаралық айтыстарда Торғай облысының намысын қорғаған өнерпаздардың бірі болды. Бүркіт ақынның есімінің көпшілікее танылуына ықпал еткен жацлардың бірі оның тамаша ән мәтіндерін жазғандығы еді. Белгілі композитор Қалибек Деріпсалдинмен Бүркіт Бекетовтің бірлесіп жасаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өмірге 10-нан артық ән келіп, ол әндерді республикаға танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Досымжан Таңатаров секілді әншілер орындап жүр. Ақынның көзі тірісінде өнердегі еңбегі ескеріліп ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Өткен 2024 жылдың желтоқсан айында Аманкелді ауданында ақынның 70 жылдығына арналған «Баладай бес жастағы аңқылдаған...» атты еске алу кеші өткізілген еді. Қаңтар айының 29 жұлдызында Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында ақынның «Жүрекке наз» атты шығармалар жинағының таныстырылымы болды.
«Жүрекке наз» – Бүркіт ақынның мұрасын халқымен қауыштыруға, мирасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі. Кітап Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында дайындалып, ақынның шәкірттерінің демеушілігімен жарық көрген еді. Мұражайда өткен тағылымды кешке ақынның достары мен туыс-туғандары, өнерде бірге жүрген замандастары қатысып, Бүркіт Бекетұлы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті. Қаламыздың белгілі әншісі, Родина ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Талғатұлы Бүркіт ақынның сөзіне жазылған Қалибек Деріпсалдиннің «Ақбота» әнін орындап, ақынның айтыстарынан үзінділер де көрсетілді. Көпшілік оқырманда Бүркіт ақынның мұрасымен таныс болсын деген ниетпен Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірнеше дана кітап тапсырылды.
Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы мен “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік күніне” орай “Бәйге” зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынға Ә.Бөкейханов, Б.Майлин, Кейкі батыр атындағы және №10-шы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Бәйге 4-кезеңнен тұрды. Әр кезеңде еліміздің тәуелсіздігінен сыр шертетін деректер бойынша тапсырмалар орындалды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Кейкі батыр атындағы №4 мектептің “Жалын” командасы , 2-ші орынды Б.Майлин атындағы №3 мектептің “Дарын” командасы, 3-ші орынды Ә.Бөкейханов атындағы мектептің “Тапқырлар” командасы мен №10 мектептің “Көкпар” командасы иеленді. Қатысушылар арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Ұлттық музейде Қазақстан музей қызметкерлерінің l конгресіне мұражайымыздың ғылыми қызметкері Терек Рауан Абдуллажанұлы қатысып келді. Ұлттық музейдің директоры А.Сыдықов қатысқанын растайтын сертификат табыстады. Рауан Абдуллажанұлы “Бұл іс-шара музей қызметкері үшін үлкен тәжірибе жинақтаудың жолы, былтырғы жылы Ұлттық музей қызметкерлері мұражайымызға келіп тәжірибесімен бөліскен еді, биыл өзім барып осындай іс-шараға қатысып келгеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да осындай іс-шараға қатысып, ат салысуға тырысамын”-деді."
15-ші қараша Ұлттық теңге күніне және төл теңгеміздің 30 жылдығына орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында қаламыздағы колледждер арасында “Ұлттық теңге-ұлттың төлқұжаты” атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынға медициналық,педагогикалық,экономикалық,политехникалық колледждердің студенттерінен құралған төрт команда қатысты. Нәтижесінде медициналық колледж студенттерінен құралған “Теңге” командасы жеңімпаз атанды. Сайысқа қатысушылар арнайы алғыс хатпен және грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2023 жылдың 31-қазанында “Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының” ұйымдастыруымен композитор, “Қазақстанның халық әртісі” Әсет Бейсеуовтың 85 жылдығына арналған “Әсеттің әсем әндері-ай” атты ән кеші өтті. Мұражай тек құнды жәдігерлерді ғана сақтап қоймай, ел тарихындағы тұлғалардың өмір жолын халыққа насихаттауда нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Осы кештің мақсаты ән өнеріндегі Әсеттің есімін ел жадында қайта жаңғырту еді. Өнерді бағалайтын қалың елі тұрғанда Әсет әндері мен мұрасы халықпен бірге жасай береді деп ойлаймыз. Кешке белсенді қатысқан өнерпаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
2023-ші жылдың 20-шы қазан күні “Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының” ұйымдастыруымен “Жас-Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында жазушы Ақан Нұрмановтың 90 жылдығына арналған “Аңызға айналған қаламгер” атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференцияның алғашқы құттықтау сөзін қала әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы сөйледі. Жазушы жайлы естеліктерімен Нұрманов Қаратай Әбдіхамитұлы бөлісіп, Ақан атамыздың басқа да қырын тілге тиек етті. Аға оқытушы, АрқПИ доценті Абдуллина Ардақ Әмірханқызы “Өміршең туындылар қалдырған қаламгер” тақырыбындағы баяндамасын оқып көпшілікті елең еткізді. Ал, мұражайымыздың ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы “Ақан Нұрманов феномені және Құланның ажалы” тақырыбында баяндама жасады.
Терек Рауан Абдуллажанұлы