Бүгін: 28.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 26 мамыр күні Қостанай қаласында алаш қайраткері, заңгер, ұлт әскерін құрушылардың бірі Сейдәзім Құлмағамбетұлы Қадырбайға арналған «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция барысында Сейдәзім Қадырбайдың «Ақы заңы» шығармалар жинағының, Елдос Тоқтарбайдың «Алаш заңгері» атты бас форматындағы балалар кітабының тұсаукесері өткізіліп, Ұшқын Сәйдірахманұлы мен Ә.Байболдың «Ұлт рухының алдаспаны» атты деректі фильмінің таныстырылымы болды.

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен қалалық медициналық колледжде “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі” , “Алтын дәрігер” медалінің иегері, “Арқалық қаласының құрметті азаматы” , ренолог Мұхамедрахым Спандиярұлының 70 жасқа толуына орай “Адам жанының арашасы” атты кездесу кеші өтті.

“Музей және көркемөнер туындылары” мен Халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы аясында “Ардагер Амангелдің ердің ері” атты көрменің тұсаукесері өтті. Көрменің лентасын белгілі қолөнер шебері, оюшы Бәйділдин Шөптібай Бәйділдәұлы мен еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Саламатов Қанжар Ғапбасұлы кесті. Сонымен қатар мұражай ұжымын қалалық мәслихаттың төрайымы Елтебаева Гүлбану Төкенқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының деканы, ф.ғ.к., ақын Қалиев Айбек Киікбайұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Хамзина Гүлім Қуанышбекқызы және театр басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы, кітапхана басшысы Қазына Байсабекқызы сынды мәдениет ошақтарының басшылары құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Қостанайда қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өтіп жатқан салтанатты іс-шараның көрмесінде мұражай қорындағы жәдігерлеріміз бой түзеді.

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұрайының бас қор сақтаушы Шактаева Ғайни Адайқызы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының ұлттық музейі ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен “Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру; теориясы мен практикасы” атты симпозиумға қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.

18 мамыр халықаралық музейлер күні қарсаңында Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері: зал қараушы Айткулова Айнагүл Бопайқызы, ғылыми қызметкер Абдильдина Әсел Кемелбайқызы, бас қор сақтаушы Шактаева Ғайни Адайқызы облыстық мәдениет басқармасы басшысының грамотасымен; кіші ғылыми қызметкер Әуезхан Ернұр Саянұлы қалалық мәдениет бөлімінің грамотасымен марапатталды. Мұражай басшысының м.а Мергенова Замзагул Қажымұқанқызы мұражай күзетшісі Құрманов Марат пен мұражайдың қызмет көрсету қызметкері Жүнісов Асқарбекке арнайы алғыс хат табыстады.

Қостанай қаласында Қостанай облысының әкімдігі мәдениет басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы болып өтті.

Халықаралық театр күніне орай Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрының бас суретшісі Еркін Ермекұлымен “Сахнаның сәнін келтірген" атты кездесу кеші өтті. Белгілі суретшінің еңбек жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме де кездесу кешінің төріне қойылды.

Мұражайымызда Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне орай “Тарихқа тағзым” күні аталып өтті.