- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей бақ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Рухани қазына-2023” байқауында әріптесіміз Терек Рауан Абдуллажанұлы топ жарды. Рауан Абдуллажанұлы “Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері” номинациясын жеңіп алды.
Мұражайымыздың суретші-реставраторы, белгілі мүсінші, “Қазақстан суретшілер одағының мүшесі” Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы республикалық байқауда топ жарып мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін “Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
25-қазан “Республика күніне” орай адал еңбегі үшін әріптесіміз Терек Рауан Абдуллажанұлы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Рауан Абдуллажанұлын марапатымен құттықтай отыра, алдағы жұмысына толайым табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Бұл кітапта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары болған Амангелді батырдың әулеті мен өзіне қатысты деректер, ел аузындағы өлең-жырлар мен естеліктер, құжаттар, батырға арналған музыкалық туындылар жинақталып берілген. Кітап өлкетанушылар мен жалпы оқырман қауымға арналған.
30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Арқалық қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен “Жүзден жүйрік” интеллектуалды сайысында мұражайымыздың ғылыми қызметкері Ернұр Әуезхан жүлделі 1-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Терек Рауан Абдуллажанұлы