- Басты бет
- Музей туралы
- Жаңалықтар
- Музей БАҚ беттерінде
- Музей басылымдары
- Нормативтік құжаттар
- Қамқоршылық кеңес
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Медиа
- Қазақстан Республикасы
- Байланыс
- Экран дикторы
10-тамыз “Абай күніне” орай Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері Арқалық қаласы, Абай даңғылында орналасқан Абай аллеясында қала тұрғындары мен қонақтарына ақынның өлеңдерін насихаттау жұмысын жүргізді.
Арқалық қаласындағы дала өлкесі мұражайы қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының бастамасымен жолға қойылған әр жұма сайын өткізілетін “Жаз-2023” думанынаның өтуіне ат салысты. Іс-шарада облыстық,қалалық театр мен кітапханаларда жұмыс жасайтын өнерпаздар қатысты. Аталған шарада мұражай ұжымының өнерпаздары бірнеше ән тарту етіп, кештің жүргізушісі болды. Осылайша облыстық,қалалық мәдениет ошақтарының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Қаламызға қарасты Восточный мектебі және М.Әуезов атындағы нөмері 5 мектеп лагері оқушыларына мұражайымыздың құнды жәдігерлерінің бірі Сәукелеге тақырыптық лекция өткізілді. #balademalys2023
Шілде айының 1-ші жұлдызында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, Арқалық қаласы мен оның төңірегіндегі ауылдардан жиналған 1500 домбырашы бірлесіп 7 күйді орындап шықты. Аталмыш шараға Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы да өз үлесін қосып, мұражай қорындағы музыкалық аспаптардан көрме жасақтап, келген көрермен назарына ұсынды.
28-Маусым Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкері “Арқа дидары” телевидениесінің басшысы, белгілі журналист Айткүл Ескендірқызымен сұхбат жасады.
18 маусым “Әкелер күні” мерекесіне орай Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қызметкерлері қала тұрғындарымен әлеуметтік медиа сауалнама жүргізді.
Терек Рауан Абдуллажанұлы